Қазақстан бейбіт диалогты қолдайды: СІМ басшысы елшілермен кездесті

Кездесу барысында тараптар Таяу Шығыстағы ахуалды талқылап, өңірдегі шиеленіс мәселелері бойынша пікір алмасты.

 Сыртқы істер министрлігі Бүгiн 2026, 03:40
Бүгiн 2026, 03:40
89
Фото: Сыртқы істер министрлігі

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Шығанақтағы араб мемлекеттері мен Иорданияның елшілерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесу барысында тараптар Таяу Шығыстағы ахуалды талқылап, өңірдегі шиеленіс мәселелері бойынша пікір алмасты. СІМ басшысы қақтығыстың ушығуына, соның ішінде достас араб елдеріне жасалған соққыларға байланысты алаңдаушылық білдірді.

Министр бейбіт тұрғындардың қаза табуына және азаматтық инфрақұрылымның зардап шегуіне әкеліп отырған әскери әрекеттерді тез арада тоқтатудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ ол қазақстандық азаматтарды эвакуациялауға және олардың елге аман-есен оралуына қолдау көрсеткен дипломаттарға алғыс білдірді.

Ермек Көшербаев Қазақстанның Шығанақ елдері көшбасшыларының бейбіт диалог орнатуға бағытталған бастамаларын қолдайтынын жеткізді. Сонымен қатар Қытай мен Пәкістанның өңірдегі тұрақтылықты қалпына келтіруге бағытталған бірлескен қадамдарына оң баға берілді. Қазақстан тарапы қажет болған жағдайда Түркістан қаласында бейбіт келіссөздер өткізуге алаң ұсынуға дайын екенін мәлімдеді.

Өз кезегінде араб елдерінің дипломаттары аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін халықаралық ынтымақтастықты күшейтудің маңызын атап өтті. Олар Қазақстанмен өзара іс-қимылды нығайтуға және саяси диалог пен бірлескен жобаларды жалғастыруға дайын екендерін білдірді.

Наверх