Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстан беделді туристік марапатқа ұсынылды

29 Шілде 2025, 05:35
497
Бөлісу:
 ашық дереккөз  / Егемен Қазақстан
Фото: ашық дереккөз / Егемен Қазақстан

Қазақстан жыл сайынғы беделді "Wanderlust Reader Travel Awards" сыйлығына үміткерлер тізіміне енді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Kazakh Tourism баспасөз қызметі мәлім етті.

Ұлыбританияның танымал "Wanderlust" туристік басылымы жыл сайын әлемдегі ең шабыттандыратын және тартымды туристік бағыттарды, саяхат саласындағы үздік сервистер мен қызметтерді анықтайды. Өткен жылы Қазақстан "Ең сұранысқа ие жаңа бағыт" санатында үздік бестікке енді.

Биылғы дауыс беру ашылды және ниет білдірушілер Қазақстанды перспективалық туристік бағыт ретінде қолдай алады. Әрбір дауыс маңызды және оған қатысу үшін мына осы сілтеме бойынша өту қажет. Бұл сайтқа кіру VPN арқылы қосылуды қажет етуі мүмкін екенін ескеру қажет, – деп жазылған компания таратқан хабарламада.

Айта кетейік, дауыс беру 2025 жылдың 17 қазанына дейін жалғасады. Сыйлықтың жеңімпаздары онлайн-дауыс беру қорытындысы бойынша анықталады және биылғы қараша айында Лондонда жарияланады.

Өзгелердің жаңалығы