«Қазақстан барысына» бөлінген қаржының жұмсалу заңдылығы тексеріліп жатыр

«Қазақстан барысына» 1,075 млрд теңге бөлінген болатын

 Артём Чурсинов  Архив 21 Маусым 2023 2023, 09:24
21 Маусым 2023 2023, 09:24
3749
Фото: Архив

«Қазақстан барысы» қазақ күресінен турнир өткізуге бөлінген 1,075 млрд теңге бюджет қаражатының жұмсалу заңдылығын тексеріліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті сотқа дейінгі тергеу аясында «Қазақстан барысы» қазақ күресінен турнир өткізуге бөлінген 1,075 млрд теңге бюджет қаражатының жұмсалу заңдылығын тексеруде.

Басшылардан, мердігер өкілдерінен жауап алу, тінту және құжаттарды алуды қамтитын тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Тергеу мүддесін көздейтін басқа ақпарат жария етуге жатпайды.

Наверх