«Қазақстан барысы»-ның финалдық кезеңінде 41 балуан белдеседі

28 Маусым 2023, 19:18
712
Бөлісу:
«Қазақстан барысы»-ның финалдық кезеңінде 41 балуан белдеседі
Фото: baq.kz

Қазақ күресінен «Қазақстан барысы» республикалық турнирі 2 шілде күні Астанада өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Байрақты бәсекегереспубликаның әр өңірінен 41 балуан қатысқалы отыр. Бұл көрсеткіш 2011 жылдан кейін ең көп спортшы қатысқан турнир болғалы отыр.

Ұлттық күрестің финалдық кезеңінде Руслан Әбдіразақов, Ерасыл Қажыбаев, Ғалымжан Қырықбай, Мақсат Исағабылов сынды апайтөс спортшылар белдеспек.

Жарыс 2 шілде күні сағат күндізгі 12:00-де Астанадағы «Барыс-Арена» спорт кешенінда басталады.

Өзгелердің жаңалығы