Астанада 10-12 мамыр күндері өтетін Qazaqstan Barysy Grand Slam әлемдік жарысына қатысатын қазақстандық спортшылар анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Туризм және спорт министрлігінің мәлімдеуінше, олимпиадалық рейтингте ұпай беретін бұл жарыста Қазақстан намысын ұлттық құрама көшбасшыларымен бірге жас спортшылар да қорғайды.
Елорда татамиінде бақ сынайтын қазақстандық дзюдошылар:
Естеріңізге сала кетсек, тек жарысты қабылдаушы ел ғана әр салмақ дәрежесінде максималды төрт спортшыдан шығаруға құқылы.
Елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтетін бұл жарысқа 86 елден 400-ден астам спортшы қатысады деп жоспарланған. Жарысқа кіру тегін.
Qazaqstan barysy Grand Slam турнирінде дзюдошылар 2024 жылы Парижде өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына қатысу үшін ұпай жинайды.