Қасиетті Рамазан айы келіп, Құрбан айт жақындаған сайын Skyscanner ғаламдық әуе саяхаты бойынша іздеу жүйесінің деректері БАӘ тұрғындары үшін Қазақстанның ең танымал саяхат бағытына айналғанын көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі мәлім етті.
Skyscanner мәліметтері бойынша БАӘ тұрғындары ең қолайлы ұшу күні ретінде 2024 жылдың 2 сәуірін таңдаған. Сауалнамаға қатысқан саяхатшылардың жартысынан көбі (51%) бір аптаға немесе одан аз уақытқа сапарларды брондауды қалайды. Қазақстанға деген қызығушылықтың 195%-ға өсуі басқа танымал бағыттарға қарағанда айтарлықтай жоғары көрсеткіш.
Демалыс үшін таңдалған елдердің толық тізімі:
• Қазақстан: 195%
• Сейшель аралдары: 115%
• Кипр: 99%
• Жапония: 90%
• Вьетнам: 81%
• Оман: 78%
• Швейцария: 56%
• Кения: 53%
• Маврикий: 52%
• Грекия: 49%
Skyscanner саяхат сарапшысы Айюб Эль Мамун БАӘ тұрғындарының Қазақстанды таңдауы Ораза айт мейрамында мәдени және байыпты саяхатқа деген ұмтылысқа байланысты екенін және де бұл Қазақстандағы туризмнің тиімді дамып отырғанын көрсететінін атап өтті.
"Kazakh Tourism ҰК" АҚ eQonaq жүйесінің деректері БАӘ туристерінің Қазақстанға деген қызығушылығының артып келе жатқанын растайды. Бұл келушілер санының 2022 жылы 2963 туристтен 2023 жылы 6051 туристке дейін екі есеге артқанын көрсетеді. БАӘ туристерінің Қазақстандағы негізгі бағыттарының ішінде Алматы, Астана қалалары және Алматы облысы ерекше көзге түседі.
Біріккен Араб Әмірліктері тұрғындары үшін туристік бағыт ретінде Қазақстанның танымалдығының артуы тұмса табиғаты, мәдени мұрасының бірегей үйлесімі елдің халықаралық туризмдегі елеулі әлеуетін көрсетеді. Өйткені, еліміздің табиғаты мен мәдени бай қоры жыл өткен сайын шетелдік туристер арасында бұрын-соңды болмаған қызығушылық тудырып келеді. Асқар таулар, көлдер мен өзендердің таңғажайып пейзаждары, рухани туристік орындар мен дала халқының шынайы және заманауи дәстүрлерінің тандемі танымалдықтың артуына өзіндік үлесін қосып отыр.