Қазақстан азаматтарын Украинадан алып шығуға атсалысқан дипломаттар марапатталады

7 Наурыз 2022, 13:59
1946
Бөлісу:
Қазақстан азаматтарын Украинадан  алып шығуға атсалысқан дипломаттар марапатталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрлігі мен басқа да ведомстволардың Украинадағы Қазақстан азаматтарын эвакуациялау жөніндегі жұмысын жіті қадағалап отыр. Мемлекет басшысы бұл бағыттағы жұмыстарды оң бағалады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады. 

 

Әскери іс-қимылдар басталғалы бері 553 отандасымызға көмек көрсетіліп, оның 432-сі елімізге аман-есен жеткізілді. Азаматтардың көпшілігі құтқару шаралары үшін Президентке алғыс айтып жатыр.  

Дипломатиялық ведомствоның Украинадан ел азаматтарын эвакуациялау жұмыстары жалғасуда. Бүгін Мемлекет басшысы Қазақстан азаматтарын осы елден алып шығуға атсалысқан дипломаттарды, құрметті консулдарды, басқа да ведомство қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттау үшін Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Қазақстанның Украинадағы елшісі Дархан Кәлетаевқа ұсыныстар әзірлеуді тапсырды, - деді ол telegram парақшасында. 

Өзгелердің жаңалығы