Қазақстан аймағында шет мемлекеттердің әскери қызметшілері жоқ – Құсайынов

19 Қаңтар 2022, 14:52
1679
Бөлісу:
Қазақстан аймағында шет мемлекеттердің әскери қызметшілері жоқ – Құсайынов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ҚМ Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы Олжас Құсайынов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифнгте айтты. 

ҰҚШҰ бітімгергілік күштерін Қазақстаннан шығару аяқталды. Қазақстан аймағында шет мемлекеттердің әскери қызметшілері жоқ. Бітімгер елдердің әскері елімізге 6 қаңтарда келе бастады. Мемлекет басшысы ұйымның жақсы тәжірибе жинақтап, беделді әскер ретінде өз тиімділігін көрсеткенін атап өтті. Ұйымға одақтас елдер террористік шабуыл кезеңінде дер кезінде қолдау көрсетті, - деді Құсайынов. 

Ол бітімгерлік миссияға қатысқан елдердің әскерлеріне алғыс білдірді. 

Іс жүзінде ведомствоаралық және мемлекетаралық өзара әс-қимыл тетіктері пысықталды. Осы орайда Қазақстан қорғаныс министрлігінің атынан Ресей, Армения, Қырғызстан, Беларусь елдерінің әскеріне моральдік қолдау мен тиімді жұмыс үшін алғыс білдіреміз, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы