Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы үздік үштікке енді, деп хабарлайды BAQ.KZ Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.
Ауыр атлетикадан Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан Әлем чемпионаты спортшыларымыз үшін сәтті аяқталып, жерлестеріміз 2 алтын, 1 күміс медаль жеңіп алды.
Араға 10 жыл салып, 96 келіде Нұрғиса Әділетұлы чемпион атанды.
Араға 9 жыл салып, 102 келіде Артем Антропов топ жарды.
Алексей Чуркин өз мансабында екінші мәрте Әлем чемпионатының жүлдесін иеленді.
92 мемлекет қатысқан бәсекенің жалпы жүлде кестесінде үздік үштікке енген мемлекеттер:
1. Солтүстік Корея - 9 алтын, 5 күміс, 2 қола
4. Қытай - 4 алтын, 2 күміс, 3 қола
3. Қазақстан - 2 алтын, 1 күміс
Бұған дейінгі Әлем чемпионатындағы көрсеткіштеріміз:
1993 жылдан бері еліміздің спортшылары Әлем чемпионатының 17 алтын, 9 күміс, 8 қола жүлдесін иеленген.