2023 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша АӨК өнімінің экспорты өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5%-ға өсті ($2,6 млрд-тан $2,7 млрд-қа дейін), деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алғашқы жартыжылдықта өсімдік шаруашылығы өнімінің экспорты $1,56 млрд құрады, бұл өткен жылдың 6 айындағы көрсеткіштен 4,7%-ға көп ($1,49 млрд). Мал шаруашылығы өнімдерінің экспорты $80 млн құрады, бұл өткен жылдың 6 айының көрсеткішінен 18%-ға асып түсті (67,8 млн).
АӨК-тің өңделген өнімінің экспорты бірінші жартыжылдықта $1,1 млрд құрады, бұл 2022 жылғы 6 айдағы көрсеткішінен 5%-ға көп ($1 млрд). Аталған кезеңде АӨК өнімі экспортының жалпы көлеміндегі өңделген өнімнің үлесі 40,1%-ды құрады.
Сыртқы нарықтарға жеткізілетін АӨК-тің үздік 5 өніміне бидай, ұн, күнбағыс майы, зығыр тұқымы және арпа кіреді.