Достық-Мойынты учаскесінің екінші жолдары бойынша қозғалыстың ашылуы Қытайға отандық тауарларды жеткізуді ұлғайтуға ықпал етті, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
«ҚТЖ» ҰК басшысы Талғат Алдыбергенов хабарлағандай, ағымдағы жылдың 11 айында Компанияның жалпы пайдалану жүк айналымы 264 млрд тонна-километрге жетсе, бұл өткен жылдың көрсеткіштерінен 7,4% жоғары. Елдің жүйе құраушы кәсіпорындарынан экспорттық жүктерді тасымалдау 80 миллион тоннаны құрады, бұл да осы кезеңмен салыстырғанда 6,5% артық.
Ең белсенді динамика шығыс бағытта байқалып, ұзындығы 836 км Достық – Мойынты учаскесінде екінші жолдар құрылысының аяқталуы сауданың өсуіне серпін берді.
Ағымдағы жылдың 11 айында пайдалану жүк айналымының жыл сайынғы өсуі байқалды. Достық-Мойынты учаскесінде екінші жолдардың ашылуына серпін берген ҚХР бағытында отандық экспорттың 11% өскенін жеке атап өтемін, – деді Т. Алдыбергенов Үкімет отырысында.