Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстан арқылы Қытайға ресейлік мұнай тасымалы артуы мүмкін

31 Шілде 2025, 13:14
741
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Қазақстан мен Ресей жақын арада Қазақстан аумағы арқылы Қытайға ресейлік мұнай тасымалдауды ұлғайту үшін техникалық мүмкіндіктерге талдау жүргізу аяқталады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкімет үйінде өтіп жатқан баспасөз мәслихатында мәлімдеді. 

Ресей тарапынан ҚХР-ға тасымалдау көлемін 2,5 млн тоннаға дейін ұлғайту бойынша өтініш түсті. Ондай жұмыстар, яғни техникалық мүмкіндіктерді зерттеу бойынша жұмыстар жүргізіледі. Транснефть, сондай-ақ ҚазТрансОйл сынды компаниялар жүргізеді. Жақын арада бәрі аяқталып, жаңа мұнай айдау станцияларын салу қажет пе, жоқ па деген сұраққа нақты жауап аламыз деп ойлаймын, - деп жауап берді министр. 

Алдын ала деректерге сүйенсек, мұнай айдау станцияларын салмай да амалдауға болады. Тек орнына арнайы қоспаларды қолданса болғаны.

Еске салайық, Үкіметте вице-премьер және салалық министрлік басшыларының қатысуымен Мемлекет басшысының өнеркәсіп, энергетика және көлік салаларындағы тапсырмаларын жүзеге асыру барысы туралы баспасөз мәслихаты өтіп жатыр.

Баспасөз конференциясында вице-премьер Роман Скляр тұрғын үй бағасы мен бензиннің қымбаттауына, сондай-ақ пиджакты қайдан сатып алатынына қатысты сұрақтарға жауап берді.

Өзгелердің жаңалығы