3 қарашадан бастап Қазақстан арқылы бидайды транзиттік тасымалдауға ресми түрде рұқсат етілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
25 қыркүйекте үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен темір жол көлігімен Қазақстан аумағына бидай әкелуге тыйым салынған болатын.
"Қазақстан аумағы арқылы бидайды темір жол көлігімен транзиттік тасымалдауға шектеу қойылмайтынын ескертеміз", - деп жазылған хабарламада.
Еске сала кетейік, өткен айда Қазақстанда сұйытылған мұнай газын автомобиль көлігімен әкетуге үш жылға, теміржол көлігімен әкетуге жарты жылға тыйым салынды.