Қазақстан Alpitour итальяндық ірі туристік холдингінің каталогына енді

19 Қаңтар 2024, 15:19
612
Бөлісу:
Қазақстан Alpitour итальяндық ірі туристік холдингінің каталогына енді
PHOTO
Фото: Алтынбек Құмырзақ

Бұл оқиғаның Мемлекет басшысының Италияға ресми сапарымен тұспа-тұс келуінің символдық мәні бар, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Туризм және спорт министрлігінің мәлімдеуінше, бұл дегеніміз Қазақстанның мәдени және табиғи әралуандылығын халықаралық деңгейде көрсетудегі маңызды қадам.

Осындай  үдеріске «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ, Alpitour, Neos және ACIK қауымдастығы белсенді түрде қатысты.

Қазақстан Alpitour итальяндық ірі туристік холдингінің каталогына енді
Туризм және спорт министрлігі

Қазақстанның Alpitour каталогына енуі еліміздің мәдениет пен шытырман оқиғалы әуесқойлар үшін туристік бағыт ретінде өсіп келе жатқан танымалдылығын көрсетеді.

Alpitour тобына Италияның жетекші туроператорларының кең тараған желісі (2500-ден астам туристік агенттіктер), Voi Hotels қонақ үйлер желісі және Neos авиакомпаниясы кіреді. Аталған топтың жылдық айналымы 2 миллиард еуродан асады.

Қазақстан Alpitour итальяндық ірі туристік холдингінің каталогына енді
Туризм және спорт министрлігі

Alpitour Group құрылымында туроператорлық қызмет маңызды рөл атқарады. 2019 жылы, пандемияға дейін 2,4 млрд еуроға жуық жалпы айналымның 58%, авиациялық қызметтер – 20%, келу туризмі – 18%, қонақ үй менеджменті – 5% болды.

Өзгелердің жаңалығы