Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI съезінде сөйлеген сөзінде айтты.
90 жылдардың басында белгілі саясаткерлер мен саясаттанушылар Қазақстанның демографиялық ерекшелігі мен реттелмеген шекарасына байланысты еліміздің тез күйреуін болжағанда, Назарбаев аса күрделі тарихи кезеңде мемлекеттік құрылыстың ең күрделі миссиясын өз мойнына алды. 1990 жылдардың ортасында шекараларды құқықтық ресімдеу жұмыстары басталып, оны делимитациялау және демаркациялаумен аяқталды. Бұл жетістік мемлекетіміздің қауіпсіз жұмыс істеуі үшін стратегиялық маңызды болды, - деді Тоқаев.
Президенттің айтуынша, елорданың Сарыарқаның орталығына көшірілуі Қазақстанның қауіпсіздігін қамтамасыз етуде және оның геосаяси ұстанымдарын нығайтуда маңызды рөл атқарды.
Бұл шешім барлық жерде – шетелде де, біздің елімізде де стратегиялық деп танылды. Жалпы Қазақстан нарықтық экономикаға айналып, өзінің бейбітсүйгіштігін және халықаралық міндеттемелерді берік ұстанатынын мәлімдей отырып, әлемдік қауымдастықта беделді, сыйлы мемлекетке айналды, - деп айтты Қасым-Жомарт Тоқаев.