Қазақстан 26 елмен өзара визасыз режим енгізу туралы келіссөз жүргізіп жатыр

Олардың қатарында Австрия, Сауд Арабиясы, Сан-Марино, Бахрейн және басқалары бар, деп хабарлайды BAQ.KZ.

4 Мамыр 2023 2023, 17:01
АВТОР
 Бауыржан ЖУАСБАЕВ  4 Мамыр 2023 2023, 17:01
4 Мамыр 2023 2023, 17:01
1145

Олардың қатарында Австрия, Сауд Арабиясы, Сан-Марино, Бахрейн және басқалары бар, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстанға шақыру туралы талаптың күшін жою және азаматтары электронды виза рәсімдей алатын елдердің тізбесін кеңейту қарастырылады. Бұдан бөлек БАӘ азаматтары үшін визаны жеңілдетілген түрде беру мәселесі талқыланып жатыр.

Шетелдік саяхатшылардың Қазақстанға қызығушылығы жоғары. Сол себепті біз еліміздің туристік әлеуетін толық ашу үшін жүйелі түрде жұмыс істеп жатырмыз. Оның ішінде келуші туристер ағынын ұлғайту мақсатындағы іс-шаралар бар. Сонымен қатар, біз көші-қонды бақылауды жақсартуға мүмкіндік беретін тетіктерді іске асырып отырмыз. Соның бірі eQonaq ақпараттық жүйесі, - деді Мәдениет және спорт министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.

Наверх