Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі» акционерлік қоғамының атауын Qazcontent акционерлік қоғамына ауыстыру туралы Үкімет қаулы қабылдады.
«Қазақпарат» халықаралық ақпараттық агенттігі» акционерлік қоғамының атауы Qazcontent акционерлік қоғамы болып өзгертілсін. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, - делінген Үкімет басшысы қол қойған ресми құжатта.
Айта кетерлігі, Үкіметтің 23 мамырдағы №325 қаулысы күшіне енді.