Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"Қазақмыс" шахтасында жұмысшы қаза тапты

Әсел ӘБІЛБЕК
21 Қаңтар 2025, 15:53
910
Бөлісу:
 BAQ.KZ  - архив
Фото: BAQ.KZ - архив

Шығыс Жезқазған кенішінің «Анненск» шахтасында жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Өндірістегі жазатайым оқиға салдарынан 1985 жылы туған 5-разрядты ұнтақтаушы қаза тапты.Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда, жазатайым оқиғаны тергеу үшін арнайы комиссия құрылды, - делінген хабарламада.

Компания басшылығы қаза тапқан жұмысшының отбасына қажетті көмек көрсететінін, оның ішінде жерлеу шығындарын да өтейтінін айтты.

Бұған дейін "Қазақмыс" жұмысшылардың үндеуіне қатысты мәлімдеме жасаған еді.

Өзгелердің жаңалығы