«Қазақмыс» кенішінен ер адамның мәйіті табылды

18 Қараша 2022, 00:30
1711
Бөлісу:
«Қазақмыс» кенішінен ер адамның мәйіті табылды

Ер адамның денесі кеше «Қазақмыс» корпорациясына тиесілі «Жомарт» кенішінен табылды. Бұл туралы BAQ.KZ Ұлытау облысының ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Марқұм Өскеменнен іссапарға жіберілген. Омаров атындағы шахта үңгілеу трестінің қызметкері болған. «Жомарт» кеніші Жезқазғаннан 300 км қашықтықта орналасқан.

17 қарашада «Қазақмыс» корпорациясы кенішінің аумағында зорлық-зомбылық белгілері бар 40 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Бұл факт ҚР ҚК «Кісі өлтіру» 99-бабы 1-бөлігі бойынша СДТБТ-да тіркелген. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері күдікті адамдарды анықтау және ұстау мақсатында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда, – деп хабарлады Ұлытау облысының ПД баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы