"Қазақфильмге" 1970 жылдан бері жөндеу жүргізілмеген – Ақан Сатаев

16 Ақпан 2022, 11:47
2179
Бөлісу:
"Қазақфильмге" 1970 жылдан бері жөндеу жүргізілмеген – Ақан Сатаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ президенті Ақан Сатаев Мәдениет және спорт министрлігінің алқалы отырысында хабарлады. Оның айтуынша, "Қазақфильмнің" ғимараты жөндеу жұмыстарына зәру.

Сонымен қатар жылдар бойы инженерлік тораптар ауыстырылмаған.

Алтын мұрамен қатар, "Қазақфильмнің" проблемалық "мұралары" да бар екенін көпшілік біле бермейді. Жыл өткен сайын жиналып жатқан проблемалар көп. Дәл осы мәселеге назар аударғым келіп отыр. Сыртынан қарағанда "Қазақфильм" ең жылы да жағымды эмоция сыйлауы мүмкін. Бірақ студияның табалдырығын аттап, ғимаратқа, жертөлеге кірсеңіз, ең жауапты сәттің қолдан сусып кеткенін түсінесіздер. 1970 жылы студия салынғалы бері инженерлік тораптар, қабырғалар, құбырлар мен  сымдар ауыстырылмаған, -деп ағынан жарылды Ақан Сатаев.

Сондай-ақ шығармашылық және әкімшілік бөлімде де проблемалар бар екенін алға тартты.

Ұрлық, кәсібисіздік, бюрократизм... Шынайы әлемнен мүлдем бөлек. Салдарынан жұмыс та тиімсіз. Кино түсіріліп жатыр, "Қазақфильм" жұмыс істеуде. Алайда прокатқк шыққанда сәтсіздікке ұшырап, шаң басқан сөрелердің қатары толады, - деді "Қазақфильм" басшысы.

Өзгелердің жаңалығы