Қазақфильм Қазақстандағы жаппай жекешелендіру туралы толықметражды фильм түсіріп жатыр

29 Қараша 2022, 01:47
1204
Бөлісу:
Қазақфильм Қазақстандағы жаппай жекешелендіру туралы толықметражды фильм түсіріп жатыр

«Әбіл» атты жұмыс атауымен жаңа картинаның түсірілімі ағымдағы жылдың қазан айының ортасында басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Фильмнің сценарий авторы және қоюшы режиссері белгілі қазақстандық кинорежиссер Елзат Ескендір.

Картинаның сюжеті Кеңес Одағының ыдырау тақырыбын қозғайды. Оқиға Қазақстанда 1993 жылы өрбиді. Фильмде кеңес үкіметі дәуірінде халықтың жалпыға ортақ меншігі болған барлық мүлік пен мал бір сәтте қолға алынып, колхоздар таратылып, шаруа қожалықтары мен ұжымдардағы қирау кезеңі баяндалады. 

Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ «Әбіл» жұмыс атауымен толықметражды көркем фильм ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілуде.

Фильмнің басты кейіпкері- Әбіл есімді колхоздың беделді шопаны. Ол бүкіл саналы өмірін мал бағуға арнаған. Алайда, өз үлесін алу үшін ол үлкен қиындықтар мен тағдырдың тосын бұрылыстарына кезігеді.

Түсірілімнің негізгі бөлігі Алматы облысының Ұйғыр ауданында өтті. Келесі жылы фильмнің түсірілімі жалғасын табады.

Өзгелердің жаңалығы