"Қазақфильм" полицейдің ерлігі туралы фильмнің премьерасын өткізеді

Еліміздің кинотеатрларында 23 қазаннан бастап "Қазақфильм" киностудиясының «Капитан Байтасов» атты көркем фильмі көрсетіле бастайды, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігінің ақпаратына сілтеме жасап.

 gov/kz 17 Қазан 2025 2025, 08:48
17 Қазан 2025 2025, 08:48
528
Фото: gov/kz

Еліміздің кинотеатрларында 23 қазаннан бастап "Қазақфильм" киностудиясының "Капитан Байтасов" атты көркем фильмі көрсетіле бастайды, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігінің ақпаратына сілтеме жасап.

Фильм нақты оқиға желісі негізінде түсірілген және 2011 жылы Тараз қаласында қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың ерлігіне арналған.

Картинаны Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілген.

Басты рөлдерді Азамат Сатыбалды, Еркебұлан Дайыров, Асан Мәжит, Дархан Сүлейменов және Қобыланды Болат сомдайды.

Наверх