"Қазақ жерінде тұрып, қазақ мектебінің жабылуына қарсымын" – оқушылар өздері оқитын мектепті сақтап қалды

Бөлісу:
"Қазақ жерінде тұрып, қазақ мектебінің жабылуына қарсымын" – оқушылар өздері оқитын мектепті сақтап қалды
PHOTO
Фото: автордан

Алматы қаласында орналасқан Алматы облысына қарасты Ибрагим Нүсіпбаев атындағы мектеп-интернатының оқушылары білім ордасының жабылып, Қонаев қаласына көшірілуіне наразылық білдірді. BAQ.KZ тілшісі мектеп-интернатына барып, мәселенің мән жайымен танысып қайтты.

Оқушылар мен мұғалімдердің айтуынша, Заречный елді мекеніндегі түрме балалардың болашағына әсер етіп, мәдени ортадан алыстатпақ. Ауылдан келген қазақ балаларының тағдырына алаңдаған ата-аналар мен мұғалімдер мектептің жөндеуден өтіп, өз жұмысын одан әрі жалғастыруын қалайды.

"Қазақ жерінде тұрып, қазақ мектебінің жабылуына қарсымын" – оқушылар өздері оқитын мектепті сақтап қалды

Осыдан бірнеше ай бұрын БАҚ беттерінде Алматы облысындағы мектеп-интернаттың балалары тозығы жеткен ғимаратта тұрып жатқандығы жайлы ақпарат тараған болатын. Кейін Алматы облысының әкімдігі Заречный елді мекенінде жаңадан салынған “Балалар үйіне” арналған ғимараттың бір бөлігін аталған білім ордасына бөліп беретінін айтып мәселеден құтылған еді. Алайда мектеп оқушылары мен ата-аналар бұл шешімге келіспейді. Олар балаларының Заречный елді мекенінде білім алғанын қаламайды екен.

"Қазақ жерінде тұрып, қазақ мектебінің жабылуына қарсымын" – оқушылар өздері оқитын мектепті сақтап қалды

Көтеріліп жатқан мәселе біздің мектеп-интернатымыздың жабылуы болып жатыр. Әріректен айтатын болсақ, 3 жыл бұрын ремонт басталған жатаханамызда. Балалар мектепті оқу корпусында жатып, біздің спорт залымыздан тамақ ішіп жатыр. Оны білім бөлімінің бастықтары, Алматы облысының әкімдігі 3 жылдан бері біледі. Осы жақында ғана 1 айдың көлемінде Қазақстандағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева өзінің әлеуметтік желісінде жазба жариялады. "Балалардың жағдайы апатты екен" деп мәселені көтергеннен кейін, мектеп интернаты жабылып, Қонаев қаласындағы Зеречный елді мекеніне көшіріледі делінген. Біз бұған түбегейлі қарсымыз. Біздің мектеп Алматы қаласында орналасқандықтан оқушыларды облыстық, Республикалық жарыстарға алып бара аламыз. Сондай-ақ бұл балалардың танымының кеңейуіне септігін тигізеді. Ауылда өскен бала мен қалада өскен баланың айырмашылығы бар. Театрға, музейге барады балалар. Осы алшақтықты жеңу үшін бала қалада өсу керек. Ауылдан шыққан қарапайым балалардың мектебін жабу қазақ халқына, қазақ балаларына жасалып жатқан қастандық деп мен нақты айта аламын, - деді Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қарлығаш Амираева.

"Қазақ жерінде тұрып, қазақ мектебінің жабылуына қарсымын" – оқушылар өздері оқитын мектепті сақтап қалды

100 жылдық тарихы бар білім ордасының жағдайына алаңдаған жандардың қарасы қалың. 3 жылдан астам уақыт мектеп қабырғасындағы жатаханада тұрып қиналған оқушылар енді басқа қалада білім алуға мүлдем дайын емес. Тіпті көздеріне жас алып, шенділердің мектепті көшірмеуін сұрады.

"Қазақ жерінде тұрып, қазақ мектебінің жабылуына қарсымын" – оқушылар өздері оқитын мектепті сақтап қалды

Мен осы мектепте білім алдым, мектебім мен үшін ыстық. Мұғалімдерімді де, сыныптастарымды қимаймын. Қонаевқа біздің оқушылар мүлдем бармайды. Егер мен мектеп ауыстыратын болсам, өмірімді жаңадан бастауға тура келеді. Мен басқа мектепке ауысу үшін Райымбек ауданынан келіп отырмын. Ол жақтан қатынауымда өте қиын. Сондықтан мен тәрбиешілермінің бақылауымен мектеп интернатында өте керемет тәрбие алдым десемде болады, - деді Алматы облысына қарасты Ибрагим Нүсіпбаев атындағы мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы Аружан Ақылдосова.

"Қазақ жерінде тұрып, қазақ мектебінің жабылуына қарсымын" – оқушылар өздері оқитын мектепті сақтап қалды
"Қазақ жерінде тұрып, қазақ мектебінің жабылуына қарсымын" – оқушылар өздері оқитын мектепті сақтап қалды

Білім ордасының ауласында орналасқан жатахананың жөндеу жұмыcын "ГрадСтройСервис" жүргізуге тиіс болған. Алайда құрылысты бастаған компания жұмысты жарты жолда қалдырған екен.

"Қазақ жерінде тұрып, қазақ мектебінің жабылуына қарсымын" – оқушылар өздері оқитын мектепті сақтап қалды

Жартылай жұмыс жасағанда монтаж жұмысын бастаған. Құрылыс жұмысын бастап, аяқсыз қалдырған. Біз ол компанияны тексеріп көрсек, осындай әдетпен жұмыс жасайды екен. Қолымда қағаздар бар. Мәселен, "ГрадСтройСервис" компанясы Павлодарда ипподромның құрлысын бастап, тастап кетеді. Батыс Қазақстан облысында 7 нысанды бастаған. Шығыс Қазақстанда 12 нысанды бастап, тастап кеткен. Менің таң қалғаным Павлодар облысында 12 балабақшаны осылай бастап, тастап кеткен. Бірақ Павлодар облысының әкімдігі біздің облыстың әкімдігі секілді қадамға бармай, қосымша қаржы бөліп нысанды пайдалануға берген. Оларды сотқа берген. Біздің облыс қаржы таппай, балаларды 3 жыл бойы қинап келеді, - деді мектеп түлегі Медетов Ерлан.

"Қазақ жерінде тұрып, қазақ мектебінің жабылуына қарсымын" – оқушылар өздері оқитын мектепті сақтап қалды

Ибрагим Нүсіпбаев атындағы мектеп-интернатта 170 әлеуметтік арнайы статусы бар балалар білім алуда. Ата-аналар балаларының басқа ғимаратқа көшіріліп, білім алуына түбегейлі қарсы екендіктерін жеткізді.

"Қазақ жерінде тұрып, қазақ мектебінің жабылуына қарсымын" – оқушылар өздері оқитын мектепті сақтап қалды

Қазақ жерінде тұрып, қазақ мектебінің жабылуына қарсымын. Менің екі балам осы мектепте білім алым жатыр. Менің күйеуімнің екі көзі көрмейді. Үйде мен ғана жұмыс істеп отырғандықтан олардың білім алуын осы мектеп-интернат өз қолдарына алды. Мен алаңсыз олардың керек-жарақтарын тауып беру үшін тынбай жұмыс істеймін. Егер Қонаев қаласындағы түрмелер орналасқан жерге көшірілсе алаңсыз жүре алмаймын. Болашақта олардың қауіпсіздігіне ешкім кепіл бола алмайды. Олар қандай адам болып шығатынында ешкім білмейді ол ортада. Құдай сақтасын, төбелес болып жатса жауапкершілікті Алматы облысының әкімдігі басына ала ма, әрине алмайды. Егер балаларға шынайы жанашыр болса әкімдік 100 жылдық тарыхы бар нысанды сақтап қалып, жөндеу жұмыстарын жасап беререр еді, - дейді ата-ана.

"Қазақ жерінде тұрып, қазақ мектебінің жабылуына қарсымын" – оқушылар өздері оқитын мектепті сақтап қалды

BAQ.KZ тілшісі Ибрагим Нүсіпбаев атындағы мектеп-интернатына барып, мәленің мән жайымен танысып қайтысымен Алматы облысының әкімдігі мен облыстың білім басқармасына сауал жіберген болатын.

"Қазақ жерінде тұрып, қазақ мектебінің жабылуына қарсымын" – оқушылар өздері оқитын мектепті сақтап қалды

Облыс әкімдігі Алматы қаласында орналасқан №4 И.Нүсіпбаев атындағы мектеп-интернатының жағдайына байланысты төмендегіні хабарлайды.

"Қазақ жерінде тұрып, қазақ мектебінің жабылуына қарсымын" – оқушылар өздері оқитын мектепті сақтап қалды

 Қарасай аудандық білім бөлімі күрделі жөндеудің қалған жұмыстарын аяқтау үшін жоба-сметалық құжаттарын жасауға "Азия Логистик трейд компани" ЖШС-гімен келісім-шарт жасады. Жоба-сметалық құжаттары қайта саналып, 2025 жылдың 4 наурызында мемлекеттік сараптама қорытындысы шықты. 2025 жылға күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтау үшін жергілікті бюджеттен 300 млн.теңге бөлінді. Конкурс өткізуге құжаттары дайындалып жатыр, - деді Алматы облысының білім басқармасы.

"Қазақ жерінде тұрып, қазақ мектебінің жабылуына қарсымын" – оқушылар өздері оқитын мектепті сақтап қалды

Мектеп-интернатын басқа ғимаратқа көшірмеу туралы шешім қабылданды. Мектеп-интернаттың жөндеу жұмыстарының өткізілу барысы облыс әкімдігінің бақылауында болмақ. 

"Қазақ жерінде тұрып, қазақ мектебінің жабылуына қарсымын" – оқушылар өздері оқитын мектепті сақтап қалды
"Қазақ жерінде тұрып, қазақ мектебінің жабылуына қарсымын" – оқушылар өздері оқитын мектепті сақтап қалды
"Қазақ жерінде тұрып, қазақ мектебінің жабылуына қарсымын" – оқушылар өздері оқитын мектепті сақтап қалды
"Қазақ жерінде тұрып, қазақ мектебінің жабылуына қарсымын" – оқушылар өздері оқитын мектепті сақтап қалды
"Қазақ жерінде тұрып, қазақ мектебінің жабылуына қарсымын" – оқушылар өздері оқитын мектепті сақтап қалды
"Қазақ жерінде тұрып, қазақ мектебінің жабылуына қарсымын" – оқушылар өздері оқитын мектепті сақтап қалды
"Қазақ жерінде тұрып, қазақ мектебінің жабылуына қарсымын" – оқушылар өздері оқитын мектепті сақтап қалды
"Қазақ жерінде тұрып, қазақ мектебінің жабылуына қарсымын" – оқушылар өздері оқитын мектепті сақтап қалды
Өзгелердің жаңалығы