Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетіне 129 талапкер грантқа түсті

5 Қыркүйек 2024, 21:10
398
Бөлісу:
Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетіне 129 талапкер грантқа түсті
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

2024-2025 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес 129 талапкер Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетіне грантқа түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Айта кетейік, былтыр М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру» институтына түскен 67 талапкерге ғана грант берілген болатын.

Еске сала кетейік, Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті биыл Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында құрылды.

Білім ордасында «Су шаруашылығы және мелиорация», «Геодезия және картография», «Су шаруашылығындағы гидротехникалық құрылыс», «Сумен қамтамасыз етудің инженерлік желілері», «Су шаруашылығындағы инновациялық технологиялар» және тағы да басқа білім беру бағдарламалары ашылады.

Университетте ақылы бөлімде оқуға құжат қабылдау жалғасып жатыр. Бұдан бөлек, жоғары оқу орнының материалдық-техникалық базасын жабдықтау және профессор-оқытушылар құрамын тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмысы жүргізілуде, – деді ҚР СРИМ Ғылым және инновациялар департаментінің директоры Мүслім Жиенбаев.

Өзгелердің жаңалығы