Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеттің бұрынғы ректоры 7 жылға сотталды

27 Желтоқсан 2022, 12:15
942
Бөлісу:
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеттің бұрынғы ректоры 7 жылға сотталды

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің бұрынғы ректоры 7 жылға сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Антикор хабарлады.

Қарасай аудандық сотының үкімімен бұрынғы ректор – «Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университетінің» КЕАҚ басқарма төрағасы Гаухар Алдамбергенова, ректордың кеңесшісі Қ. Қожантаев (Алдамбергенованың туған ағасы) және «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалының Қарасай Жер кадастры және жылжымайтын мүлік бөлімінің басшысы А. Журунов кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды, - делінген хабарламада.

Сол үкіммен Қарасай бөлімі басшысының орынбасары Д. Жұмаділ мен бөлім маманы Е. Кемал шартты түрде 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Барлық сотталғандарға мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыру түріндегі жаза қолданылды.

Тергеу барысында сотталғандардың бөгде тұлғаларға заңсыз ресімделгені, университеттің 9 га жер учаскесін бөліп және адал сатып алушыларға сатқаны дәлелденді. Нәтижесінде университетке 95,5 млн теңге шығын келтірілді. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Өзгелердің жаңалығы