Қазақ-тәжік тауар айналымын ұлғайту көзделіп отыр

14 Мамыр 2024, 15:36
454
Бөлісу:
Қазақ-тәжік тауар айналымын ұлғайту көзделіп отыр
PHOTO
Фото: Сауда және интеграция министрлігі

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Тәжікстанның Қазақстандағы елшісі Хайрулло Ибодзодамен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тараптар Қазақстан мен Тәжікстанның екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Сауда-экономикалық саладағы ағымдағы жағдай, өзара тауар айналымын ұлғайту, инвестициялар тарту, өнеркәсіптік кооперацияны дамыту мәселелері сөз болды.

Арман Шаққалиев Тәжікстан Қазақстанның өңірдегі негізгі сауда серіктестерінің бірі екенін атап өтті. Соңғы бес жылда екі ел арасындағы тауар айналымы 34%-ға өсті.

Қазақ-тәжік тауар айналымын ұлғайту көзделіп отыр

Біз Тәжікстанмен кең форматта күн тәртібіндені өзара ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге және нығайтуға ниеттіміз, - деді Арман Шаққалиев.

Министр І тоқсанның қорытындысы бойынша Қазақстан экспорты 16,6%-ға өсіп, $229,7 млн құрағанын айтты.

Кездесу барысында Арман Шаққалиев Тәжікстанда белсенді қолданылатын KazakhExport сақтандыру құралдарын пайдалануды кеңейтуді ұсынды. Осылайша, KazakhExport қабылдаған міндеттемелердің жалпы көлемі 2023 жылы - 4,7 млрд теңгені, 2024 жылдың 3 айында - 2,2 млрд теңгені құрады.

Айта кету керек, Тәжікстан Қазақстанға азық-түлік тауарларының маңызды жеткізушілерінің бірі болып табылады. Маусымаралық кезеңде Тәжікстанның пиязбен қамтамасыз етудегі рөлі атап өтілді.

Қазақ-тәжік тауар айналымын ұлғайту көзделіп отыр

Маусымаралық кезеңде пияз импортының көлемi орта есеппен 180 мың тоннаға дейiн жетедi, оның iшiнде импорттың жартысына жуығы немесе 70 мың тонна пияз Тәжікістаннан әкелінеді.

Өз кезегінде Хайрулло Ибодзода Қазақстан-Тәжікстанда қарым-қатынастарын ортақ мүдделер негізінде одан әрі дамыту үшін зор әлеует бар екенін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықтың барлық өзара тиімді бағыттары бойынша белсенді байланыс орнатуға дайын екендіктерін растады.

Өзгелердің жаңалығы