Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақ таеквондошысы Ислам ынтымағы ойындарының жартылай финалына шықты

15 Қараша 2025, 19:07
313
Бөлісу:
 Нұрғали Жұмағазы
Фото: Нұрғали Жұмағазы

Қазақстандық таеквондошы Камила Аймукашева Ислам ынтымағы ойындарында 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ширек финалдағы жекпе-жекте Аймукашева әлем чемпионатының қола жүлдегері, Иордания спортшысы Фадия Хирфанды жеңді.

Еске сала кетейік, 7 қараша күні Эр-Риядта VI Ислам ынтымағы ойындарының ашылу салтанаты өтті. Бұл байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасының намысын 100-ден астам спортшы қорғап жатыр.

Сауд Арабиясы Ислам ынтымағы ойындарын алтыншы рет қабылдап отыр. Бұған дейін бұл ірі спорттық дүбірлі дода Меккеде (2005), Палембангте (2013), Бакуде (2017), Коньяда (2021) ұйымдастырылған. Ал 2009 жылы Тегеранда өтуі жоспарланған ойындар кейіннен өткізілмей қалған болатын.

Өзгелердің жаңалығы