Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы наурыз айында шаршы алаңға оралады. Бұл туралы спортшының менеджері Эгис Климас instagram желісіндегі парақшасында жазды.
Оқи отырыңыз:
Жәнібек Әлімханұлы ең кейінгі жекпе-жегін өткен жылдың қараша айында өткізген. Фреснода (АҚШ, Калифорния штаты) канадалық боксшы Альберт Онолуноспен жұдырықтасып, қарсыласын 6 раундта нокаутпен жеңген еді.
Өткен жылы барлығы 4 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Оның 3-де қарсыласын уақытынан бұрын ұтып шықты. Жәнібек әуесқой бокста Азия және Азия ойындарының жеңімпазы. 2013 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатында топ жарды. Олимпиада ойындарының қатысушысы.