Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жетістіктері

21 Қараша 2022, 14:38
1164
Бөлісу:
Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жетістіктері
PHOTO

Қазақ спортшылары өткен аптада да ел мерейін үстем етіп, биік тұғырдан көрінді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Үстел теннисі. Аслан Құрманғалиев пен Мария Лукьянова Ливандағы WTT Youth contender Jezzine халықаралық үстел теннисі турнирінің алтын медалін жеңіп алды. Сондай-ақ, Аслан Құрманғалиев (19 жастағы спортшылар санатында) қола жүлдеге ие болды. 

Су полосы. Су полосынан қазақстандық ерлер мен әйелдер командалары Тайландта өткен Азия чемпионатының қола медалін иеленді.

Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жетістіктері

 Әйелдер күресі. АҚШ-та өткен әйелдер күресінен халықаралық турнир аясында Мадина мен Жәмила Бақбергеновалар алтын медаль иегері атанды, Марина Седнеева екінші, ал Алтын Шагаева қола жүлдеге ие болды. 

Семсерлесу. Александра Тамбовцева, Виктория Хайдарова, Ксения Тимашевская және Наталья Синяковадан құралған Қазақстан әйелдер құрамасы Өзбекстанда жасөспірімдер арасында семсерлесуден өткен Әлем Кубогының күміс жүлдегері атанды.

Өзгелердің жаңалығы