Қазақ спортшыларының бір аптадағы жарқын жеңісі

7 Қазан 2024, 21:26
475
Бөлісу:
Қазақ спортшыларының бір аптадағы жарқын жеңісі
Фото: gov.kz

Мәнерлеп сырғанау: Елордада өткен мәнерлеп сырғанаудан Denis Ten Memorial Challenge турнирінде ерлер арасында отандасымыз Михаил Шайдоров топ жарды. Ал әйелдер бәсекесінде Софья Самоделкина екінші орынға ие болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Дзюдо: Тәжікстан астанасы Душанбедегі жастар арасындағы әлем чемпионатында Азат Күмісбай (81 кг) мен Талғат Орынбасар (60 кг) қола жүлдегер атанды.

Құзға өрмелеу: Ұлттық құрама спортшысы Әмір Маймұратов Сеулдегі Әлем кубогінде күміс жүлде жеңіп алды.

Триатлон: Түркістан қаласында ұйымдастырылған триатлоннан Азия кубогінде Қазақстан командасы 7 медаль олжалады.

Таэквондо: Оңтүстік Кореяның Чунчхон қаласында мәресіне жеткен таэквондодан әлем чемпионатында қазақстандық үш спортшы 2 күміс, 1 қола медаль еншіледі.

Жеңіл атлетика: Ұлттық құрама өкілі Дэйзи Джепкемей Францияның Бельфор қаласында өткен жартылай марафонның жеңімпазы атанды. Оның уақыт көрсеткіші – 1 сағат 7 минут 54 секунд.

Кәсіпқой бокс: Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) Аустралияда жаңазеландиялық Андрей Михайловичпен жұдырықтасып, қарсыласын 9-раундта техникалық нокаутпен жеңді.

Өзгелердің жаңалығы