Қазақ қызы тұңғыш рет Эверест шыңына шықты

12 Мамыр 2024, 19:27
584
Бөлісу:
Қазақ қызы тұңғыш рет Эверест шыңына шықты
Фото: Kazakh Everest Team

Құрамында Анар Бурашева мен Мақсат Жұмаев бар «Kazakh Everest Team» қазақстандық команда әлемнің ең биік шыңы – Эверест шыңына (8 848 м) сәтті көтерілді. Бұл туралы «Kazakh Everest Team» баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Непалдың Гималайда көтерілуге маманданған және қазақстандық экспедицияның ресми жолсерігі «Seven Summit Treks» компаниясының хабарлауынша, қазақстандық команда 12 мамыр күні Непал уақытымен таңғы сағат 07:25-те Эверест шыңын бағындырды.

8 000 метрден жоғары биіктіктегі дауыл мен боран түріндегі күрделі ауа райы жағдайларына байланысты шыңды бағындыруға ниеттенген экспедициялардың көпшілігі бағытынан кері қайтты, тек бес елдің альпинистері Эверестке сәтті көтеріле алды. Олардың арасында біздің отандастарымыз бар – тарихта әлемнің ең биік шыңына шыққан тұңғыш қазақ қызы Анар Бурашева және еңбегі сіңген қазақстандық альпинист Мақсұт Жұмаев, бұл оның Эверест шыңына осымен үшінші рет шығуы, - «Kazakh Everest Team» баспасөз қызметі.

Жалпы, «Kazakh Everest Team» командасының шыңға көтерілуі бес тәулікке созылды: 7 мамырда базалық лагерьден (5 350 м.) шығудан басталып, содан кейін біздің альпинистер I Лагерь (6 100 м.) арқылы өтіп, одан кейін II Лагерьге (6 400 м.), III Лагерьге (7 100 м.) көтерілді және IV Лагерьге (8 000 м.) жеткен соң одан әрі Эверест (8 848 м.)

Эверест шыңына Анар Бурашева мен Мақсат Жұмаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын орнатты.

Бүгін, 12 сәуірде Анар мен Мақсұт IV Лагерьде (8 000 м.) күрделі көтерілуден кейін төмен түсу үшін күш-қуатын қалпына келтіріп жатыр. Альпинистердің жағдайы қанағаттанарлық, бірақ күші сарқылып, базалық лагерьге түсу үшін біраз жинақталуы керек болып тұр,- деп атап өтті «Kazakh Everest Team».

Өзгелердің жаңалығы