ҰҚК Шекара қызметі шекаралық аймақта, сонымен қатар шекаралық өткізу пункттерінде құқыққа қайшы іс-әрекетке қарсы іс-қимыл бойынша шаралар кешенін іске асырып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сонымен бірге, қандай да бір шектеулер енгізілмеді, өткізу пункттері, оның ішінде қазақ-қырғыз шекара учаскесі штаттық режимде жұмыс жасап жатыр.
Тексеру уақытының регламенттік нормативтері қатаң сақталуда және автокөлік құралдарын өткізу деңгейі қазіргі маусымға тән күнделікті көрсеткіштер аясында.