Қазақ мемлекеттік циркінде жаңажылдық қойылымдар басталды

18 Желтоқсан 2021, 10:52
2030
Бөлісу:
Қазақ мемлекеттік циркінде жаңажылдық қойылымдар басталды
PHOTO
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыдағы қазақ мемлекеттік циркінде бүгіннен бастап «Қар ханшайымы» атты жаңажылдық қойылым халың көрерменге жол тартты. 

Қойылымда бірнеше халықаралық фестивалдардың жүлдегерлері мен цирк колледжінің студенттері өнер көрсетеді. Ертегінің ең жас қатысушысы 7 жастағы Данат Досбатыров. Ол циркте өнер көрсетіп жүрген Данатовтар әулетінің үшінші буыны. 

Қазақ мемлекеттік циркінің директоры Бақыт Бокебаев биыл балалар үшін ертегі тақырыбын әдейі таңдағандарын жеткізді.

Қазақ мемлекеттік циркінде жаңажылдық қойылымдар басталды

«Қар ханшайымы» ертегісі бұрын кең тараған, алайда қазіргі балалар оны жөнді біле бермейді. Соны біз жаңа қырынан беріп отырмыз. Оның үстіне балалар ертеңгі күннен жақсылық күтеді, сондықтан осы ертегіні әдейі таңдадық, кез келген ертегі жақсылықпен аяқталады, яғни жас ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеуде маңызы зор, - деді ол.

Сонымен қатар ол қазір тек цирктен бөлек драматургия, операда жаңа қойылымдарды тамашалау қиынға соғып отырғанын жеткізді. Өйткені жаңа шығарма жазып жатқан драматургтер аз. 

Қазір қойлымдардың сценарийін өзім дайындап жүрмін. Мәтінді, ондағы өлеңдерді қазақшалаймын. Бұрын цирктік қойылымдардың барлығы орыс тілінде қойылып келсе, қазір екі тілде жүреді. Бүгінгі ертегі де екі тілде беріледі. Өйткені көрерменнің ешқайсысын алаламауымыз керек. Оның үстіне Қазақстанда тұрып, қазақша қойылым қоя алмасақ онда мемлекеттік тілдің идеологиясын дұрыс қолдамаған боламыз, - деді Бақыт Бокебаев.

Сөз арасында ол драматургияны цирк өнерімен байланыстырып қою үлкен шеберлік пен шығармашылықты қажет ететінін жеткізді.

Қазақ мемлекеттік циркінде жаңажылдық қойылымдар басталды

Бұл ертегіні драматургияда, операда қою әлде қалай оңай. Ал, циркте драматургияны байланыстырып, әртістерді аспанға ұшырып, ат және басқа да аңдардың цирктік трюктерімен қабыстырып бере білуің керек, яғни әр қойылымның арасында үндестік болу қажет. Үндестік болмаса өнер көрінбейді, сондықтан мұның барлығы үлкен жұмыс, - деді цирк директоры.

Бұл жеті жастағы  Данат Досбатыров үшін дебюттік қойылым болып отыр. Ол Каидің рөлін ойнап қана қоймай, баумен көкке көтеріліп цирктік нөмірлерді орындайды. Аю, жылқы және басқа да жануарлардың қатысуымен өтетін қызықты қойлым көпшілікті тәнті етпей қоймайды. 

Жаңажылдық бағдарлама 2022 жылдың 9 қаңтарына дейін жалғасады.

Өзгелердің жаңалығы