Қазақ күресін жазғы Олимпиада ойындарына енгізу ұсынылды

30 Маусым 2023, 18:04
883
Бөлісу:
Қазақ күресін жазғы Олимпиада ойындарына енгізу ұсынылды
Фото: gov.kz

Қазақ күресін 2032 жылғы жазғы Олимпиада ойындарына енгізу қажет. «Қазақстан барысын» ұйымдастырушылар бүгін осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Елордада осы жексенбіде «Қазақстан барысы» турнирі өтеді. Жарыста 41 балуан белдеседі. «Барыс-Аренада» спорт кешенінде өтетін жарыста биыл қатысушылар саны ұлғайған. Яғни жаңадан ашылған үш облыстың өкілдері қатарға қосылып отыр. Тек жарыс тәртібін бұзған батысқазақстандықтар шеттетілді. 

Жарыстың жүлде қоры 40 млн. теңгені құрайды. Жарысты көретін жанкүйерлер үшін кешенге кіру тегін. Тағы бір ерекшелігі көрермен арасында 5 қымбат телефон ойнатылады.

Өзгелердің жаңалығы