Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақ КСР Конституциясының түпнұсқасы алғаш рет жұрт назарына ұсынылды

Нұрқанат Атажан
25 Тамыз 2025, 13:22
686
Бөлісу:
 автордан
Фото: автордан

Алматыда Мемлекеттік Орталық музейде ҚСР Конституциясының қабылданғанына 30 жыл толуына арналған «Ата Заң – тәуелсіздік тірегі» көрмесі өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Көрмеде Қазақстандағы конституциялық заңнаманың даму кезеңдерін бейнелейтін бірегей жәдігерлер ұсынылады. Олардың қатарында — 1989 жылғы Қазақ КСР Конституциясының түпнұсқасы, 1995 жылғы Конституцияның дайындалу және қабылдану үдерісін көрсететін Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музейі қорынан алынған фотоқұжаттар, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы қорынан алынған конституциялық құқық мәселелеріне арналған басылымдар мен кітаптар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті мұрағатының қорынан алынған 1995 жылғы Конституцияның көшірмесі бар.

Қазақ КСР Конституциясының түпнұсқасы алғаш рет жұрт назарына ұсынылды
Қазақ КСР Конституциясының түпнұсқасы алғаш рет жұрт назарына ұсынылды

Көрменің мақсаты – Қазақстан Республикасы Конституциясының тарихи қалыптасу жолын құқықтық және саяси маңызы зор құжат ретінде көрсету, сондай-ақ оның мемлекеттік тәуелсіздікті нығайтудағы, демократиялық институттарды дамытудағы және елдің орнықты дамуын қамтамасыз етудегі маңызды рөлін айқындау.

Қазақ КСР Конституциясының түпнұсқасы алғаш рет жұрт назарына ұсынылды
Қазақ КСР Конституциясының түпнұсқасы алғаш рет жұрт назарына ұсынылды

Егемендік алған сәттен бастап Қазақстан Республикасының Конституциясына алты мәрте өзгерістер енгізілді — 1998, 2007, 2011, 2017, 2019 және 2022 жылдары. Бұл түзетулер елдің саяси, әлеуметтік және экономикалық трансформация кезеңдеріне сәйкес құқықтық жүйені жетілдіру қажеттігінен туындады, – деді Мемлекеттік Орталық музейдің ғылыми қызметкері Қанағат Аятов.

Өзгелердің жаңалығы