Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"Qazaq Inclusive Theatre" жаңа музыкалық драманы сахналады

18 Қараша 2025, 22:12
348
Бөлісу:
 Qazaq Inclusive Theatre
Фото: Qazaq Inclusive Theatre

Бүгін "Qazaq Inclusive Theatre" сахнасында Жүзбай Серіктің «Өмір-ғайып» романының желісі бойынша жазылған «Жоламан» атты музыкалық драманың қойылымы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Спектакльдің инценировкасын Бахтияр Тұрсын жасаған, режиссері – Думан Умаров.

«Жоламан» спектаклі қоғамдағы өзекті мәселелерді қозғайды. Пьеса Жоламан атты тастанды баланың өмірге келіп, тағдырдың қиындықтарымен кездесуі арқылы жетім балалар мәселесін көрсетеді. Мақсаты – қоғамдағы балалардың қараусыз қалмауын, әр сәбидің көз жасына қалмауын насихаттау.

Қойылымда отбасы құндылықтары, бала тәрбиесі мен ата дәстүр мәселелері көрініс табады. Музыкалық драма кейіпкерлерінің өміріндегі трагедиялар мен драматизм, олардың тартыстары көрерменді терең ойға қалдырады.

«Жоламан» спектаклі көрерменге тәрбиелік мәні мол, ой салатын, эмоцияға толы қойылым ретінде ұсынылады.

Өзгелердің жаңалығы