«Қазақ газ өңдеу зауытының» директоры ұсталды

22 Тамыз 2024, 16:30
332
Бөлісу:
«Қазақ газ өңдеу зауытының» директоры ұсталды
Фото: Арман Мухатов -архив

«Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС директоры жемқорлыққа күдікті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Ол аукцион өткізбестен заңсыз сату арқылы кәсіпорынның мүлкін аса ірі мөлшерде жымқырды деп күдіктенеді.

Залал сомасы 65 млн теңгеден асады.

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.

Тергеу жалғасуда.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Өзгелердің жаңалығы