Қазақ ғарышкерлерін мақтан тұтамыз! – Тоқаев

12 Сәуір 2020, 15:08
1497
Бөлісу:
Қазақ ғарышкерлерін мақтан тұтамыз! – Тоқаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желідегі парақшасында қазақстандықтарды Ғарышкерлер күнімен құттықтап, жазба қалдырды.

Баршаңызды бүгінгі тамаша мереке - Ғарышкерлер күнімен құттықтаймын! Қазақстан әлемдік космонавтиканың дамуына зор үлес қосқаны сөзсіз. Байқоңыр - ғарыш кеңістігін игерген адамзат жетістігінің символы. Қазақ ғарышкерлерін мақтан тұтамыз!, - деп жазды президент өзінің Twitter-дегі парақшасында.
Айта кетейік, осыдан тура 56 жыл бұрын, яғни 1961 жылдың 12 сәуірінде таңғы сағат 9-дан 7 минут өткенде Кеңес Одағы қазақ жеріндегі Байқоңыр ғарыш айлағынан әуе кеңістігіне "Восток" кемесін аттандырды. Ол кемеде әлем тарихындағы орбитаны бойлай ұшқан тұңғыш ғарышкер, аға лейтенант Юрий Алексеевич Гагарин болған еді. 
Өзгелердің жаңалығы