ҚР ардагерлер футболы одағының президенті, Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі Сейілда Байшақов 73 жасқа қараған шағында өмірден озды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сейілда Икрамұлы КСРО спорт шебері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР еңбегі сіңірген жаттықтырушысы болды. Ұзақ жылдар бойы алматылық «Қайраттың» капитаны болып, КСРО ұлттық құрамасында ойнады.
Сейілда Байшақовтың отандық футболдың дамуына қосқан үлесі орасан. Ел футболы үшін аянбай еңбек етіп, жас ұрпаққа үлкен тәлім-тәрбие берді. Қазақстан футбол федерациясы Сейілда Икрамұлының туысқандары мен жақындарына қатты қайғырып, көңіл айтады. Сейілда Байшақов есімі біздің жүрегімізде мәңгі қалады, - делінген ҚФФ таратқан мәлімдемеде.