Қазақ әндерін корейше шырқайтын әнші Ақтөбенің елшісі атанды

Қазақ әндерін корей тілінде шырқайтын Сон Вон Саб Ақтөбе облысының Оңтүстік Кореядағы амбассадоры атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 Ақтөбе облысының әкімдігі 16 Қаңтар 2024 2024, 10:16
16 Қаңтар 2024 2024, 10:16
1629
Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі

Қазақ әндерін корей тілінде шырқайтын Сон Вон Саб Ақтөбе облысының Оңтүстік Кореядағы амбассадоры атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

«Visit Aktobe» туристік ақпараттық орталығы «Ақтөбе облысының туристік амбассадорлары» жобасын таныстырды.

Облыстың алғашқы елшілерінің бірі – белгілі оңтүстіккорейлік музыкант, әнші, қазақ және корей тілдерінде ән орындаушы Song Wonsub. Сон Вон Саб амбассадор ретінде Оңтүстік Корея тұрғындарын Ақтөбе облысының көрікті жерлері туралы хабардар етеді.

Мені қазақ мәдениеті қатты қызықтырады, оны мен өз отандастарыма да барынша таныстырғым келеді, - деді Сон Вон Саб.

«Visit Aktobe» орталығының басшысы Ерсайын Сиюнов амбассадорлармен жұмыс тәжірибесі бүкіл әлемде кең таралғанын атап өтті. Бұл қалалардың туристік әлеуетін ілгерілету үшін жасалады.

Жоба аясында Ақтөбе облысының танымал мәдениет және өнер қайраткерлері, бизнесмендер, дәрігерлер, ғалымдар, спортшылар және Ақтөбе облысы мен шет елдердің басқа да қайраткерлері Ақтөбе облысының туристік амбассадорлары болады, - деді ол.

Наверх