Қазақ әлде қазақстандық? - министр жауап берді

26 Мамыр 2023, 11:23
2081
Бөлісу:
Қазақ әлде қазақстандық? - министр жауап берді
Фото: Артём Чурсинов

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі қоғамда қызу талқыланған тақырыпқа пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министр "Сұрауы бар" бағдарламасына берген сұхбатында төлқұжаттан ұлты деген тармақтың алынып тасталуына қатысты жауап берді.

Біріншіден, төлқұжатқа байланысты мәселе қайдан шыққанын білмейді екенмін. Кезінде, яғни 2009 жылы "қазақстандық ұлт" деген мәселе көтерілген еді. Қазір енді "қазақ ұлты" деген айтылып жатыр. Жалпы төлқұжатта кім өзін қалай жазатыны өз еркі. Екіншіден, мемлекет басшысы "Қазақстандағы барлық адамды ортақ Отанымыз, туымыз және паспортымыз біріктіреді" деген маңызды нәрсе айтты. Расымен, қазір еліміздің көк құжаты тұрақтылық пен келешекке деген кепілдің символына айналды, - деді министр.

Сондай-ақ Дархан Қыдырәлі "ұлт құру" деген терминге қатысты да айтты.

Әрине паспорты, отаны, мәдениеті мен құндылықтары ортақ этностардың жиынтығын ұлт деп айтамыз. Ал "ұлт құру" деген, меніңше, сәтсіз аударма. Негізі бізде "ел" деген ұғым болған, сондықтан "ел болу", "ұлт болып ұйысу" деген дұрыс шығар. Қазір батыста "азаматтық ұлт" дегенді көп айтады. Оның құрамына тіл, мәдениет, құндылық сияқты заттар кіреді. Яғни адамдар өз елінің азаматтық ұстанымдары аясында бірігеді, - деді Дархан Қыдырәлі.

Өзгелердің жаңалығы