Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Qazaq Air әуе компаниясының жоспарлы инспекциясын бастады.
Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.
Әуе компанияның ұшуды пайдалану, ұшуға жарамдылығы және медициналық саладағы, сондай-ақ лицензиялар мен сертификаттар беру бойынша қызметі тексерілетін болады. Қазақстанның авиациялық әкімшілігі жылына кемінде бір рет әуе кемелерін пайдаланушыларға инспекция жүргізеді, - делінген хабарламада.
Бұл туралы толық ақпаратты «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ бас директорының бірінші орынбасары Линда Орлэдидің Atameken Business телеарнасына берген сұхбатынан алуға болады.
Еске салсақ, 13 ақпанда Алматы әуежайында Qazaq Air ұшағының шассиі жарылып кеткен болатын. Бүгін сол күні апатты жағдайға тап болған ұшақтың командирі Еркін Наурызбаев оқыс оқиға жөнінде айтып берді.