Қазан айында қазақстандықтар қанша күн демалады

19 Қыркүйек 2024, 13:47
453
Бөлісу:
Қазан айында қазақстандықтар қанша күн демалады
Фото: коллаж Almaty.tv

Қазақстандықтардың күздің екінші айында қанша күн демалатыны белгілі болды. 2024 жылы қазақстандықтар Республика күнін 25 қазанда атап өтетіндіктен, жалпы 9 күн демалыс болмақ, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Республика күні мерекесі яғни 25 қазан жұмаға сәйкес келіп тұр.

Бес күндік жұмыс аптасында: 25, 26, 27 қазан демалыс күні.

Алты күндік жұмыс аптасымен есептегенде: 25 қазан жұмыс күні демалып, 26 қазан жұмыс күні. 27 қазан қайта демалады. Ел тұрғындары 2024 жылдың қазан айында 9 күн демалады.

Кәсіби мерекелердің тізбесі жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 17.11.2023 жылғы №480 бұйрығымен, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді.

1 қазан – Қарттар күні. Радио күні;

5 қазан – Мұғалімдер күні;

6 қазан – Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері күні;

10 қазан – Қазақстанның Кәсіптік одақтар күні;

16 қазан – Нан күні;

19 қазан – Құтқарушылар күні;

20 қазан (қазан айының үшінші жексенбісі) – Орман шаруашылығы қызметкерлерінің күні;

24 қазан – Кітапханашылар күні;

27 қазан (қазанның соңғы жексенбісі) – Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні;

29 қазан – Күзет ұйымдары қызметкерлерінің күні;

Өзгелердің жаңалығы