Қаза тапқандардың қатарына қосылмайды. Қорғаныс министрлігі Жамбылда жоғалған әскери туралы айтты

3 Мамыр 2022, 13:40
1314
Бөлісу:
Қаза тапқандардың қатарына қосылмайды. Қорғаныс министрлігі Жамбылда жоғалған әскери туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Бұл туралы ҚР Қарулы Күштері Бас штабы Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы генерал-майор Серік Бурамбаев  ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Аталған әскери адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Іздеу шаралары оқиға болған өңірде жүргізіліп жатыр. Оған құқық қорғау органдары мен қосымша күштік құрылымдар қатысып жатыр. Біз әзірге оны тапқан жоқпыз. Біз оның ата-анасымен үнемі байланыстамыз. Оларға қандай да бір көмек керек болған жағдайда көмектесіп жатырмыз, - деді ол. 

Серік Бурамбаев атап өткендей, БАҚ пен Қорғаныс министрі жақында пікір білдірді. 

Қазір оқиға болған орындағы әрбір сантиметр қаралып, зерттеліп жатыр. Өкінішке қарай, біз оны да тапқан жоқпыз. Сондықтан ол із-түзсіз жоғалғандардың қатарына жатады. Біз оны қаза тапқандардың қатарына қоспаймыз, - деді ол. 

Өз кезегінде Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов жарылыс өте ауқымды болғанын айтты. 

Қазір әртүрлі болжамдар мен нұсқалар айтылып жатыр. Алайда біз қылмыстық істің аяқталғанын күтеміз, - деді ол. 

Айта кетейік, әскери қойманың жарылуы кезінде Бауыржан Дәуітбаев із-түзсіз жоғалған еді. 

 

Өзгелердің жаңалығы