Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қаза тапқан фельдшердің отбасына қандай төлем беріледі? – Ресми жауап

Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА
19 Қараша 2025, 12:44
576
Бөлісу:
 instagram.com/densaulyq_basqarmasy
VIDEO
Фото: instagram.com/densaulyq_basqarmasy

Кеше Астанада басына кондиционер құлаған 23 жастағы фельдшер қайтыс болды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі марқұмның жақындарына қандай қолдау көрсетілетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаевтан журналистер марқұм фельдшердің отбасы мен зардап шеккендерге қандай төлемдер қарастырылғанын сұрады.

Фельдшердің қаза табуына байланысты төлемдер алдын ала тергеу актілері негізінде тағайындалады. Қазіргі уақытта арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр, ал төлемдер мәселесі осы комиссияда қаралады. Сонымен қатар жұмыс берушінің жауапкершілігі де анықталмақ, - деді Еңбекмині өкілі.

Асқарбек Ертаевтың айтуынша, егер Ұлдана Мырзуанның (қаза тапқан фельдшер – ред.) баласы болса, заң бойынша “қамқоршысынан айырылуына” байланысты әлеуметтік жәрдемақы төленеді. Ал егер қайтыс болған азаматтың жұбайы болса, онда жұбайы мен баласы екеуі де осы жәрдемақыға өтініш бере алады.

Сонымен қатар жерлеуге арналған төлем де қарастырылған. Егер қайтыс болған адамның міндетті әлеуметтік жарналары болса, төлем мөлшері 95 АЕК-ке тең. Қажет болса, сақтандыру компаниясы да сақтандыру келісімшартына сәйкес төлем жасауы тиіс.

Барлық төлемдер мен жауапкершілік мәселелері комиссия жұмысы аясында анықталады.

Еске салайық, бұған дейін Астанада басына кондиционер құлаған 23 жастағы фельдшер қайтыс болғанын хабарладық. 

Сондай-ақ, Президент қаза тапқан фельдшерді «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады

Өзгелердің жаңалығы