Қаза тапқан Әзербайжан азаматтарының денелері Отанына жөнелтілді

30 Желтоқсан 2024, 11:26
299
Бөлісу:
Қаза тапқан Әзербайжан азаматтарының денелері Отанына жөнелтілді
Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі

28 желтоқсан күні, сағат 23:30 шамасында Ақтаудан әуе апатында қаза тапқан 24 Әзербайжан азаматының (оның ішінде үшеуі экипаж мүшесі) денесі еліне жөнелтілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Соңғы күндері қаза тапқандардың денелерін анықтау бойынша тынымсыз жұмыстар жүргізілді. Анықтау кезінде ДНҚ талдауы жүргізіліп, жақын туыстары қатысты, - делінген Маңғыстау облысы әкімдігінің ақпаратында.

Еске сала кетсек, 25 желтоқсан күні болған әуе апатынан 29 адам аман қалды. Оларға Мемлекет басшысының тапсырмасымен елордадан келген білікті мамандар сапалы медициналық көмек көрсетті. Медициналық көмек алған Әзербайжанның 14 азаматы еліне оралды.

Маңғыстау облысының әкімдігі қаза тапқандардың жақындары мен туыстарына қайғырып көңіл айтады. Жергілікті атқарушы орган өкілдері апаттан зардап шеккендердің және қаза тапқандардың отбасыларына жан-жақты қолдау көрсетуді жалғастырады.

Өзгелердің жаңалығы