Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қайық үстіндегі шпагат: Енді ақмолалық құтқарушы су үстінде трюк жасады

23 Шілде 2025, 14:43
991
Бөлісу:

27 жастағы ақмолалық құтқарушы Айдос Сабдин Жан-Клод Ван Дамның атышулы шпагатын қайталап, трюкті жаңа деңгейге көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол қозғалыстағы екі қайықтың үстінде шпагат жасап, су үстінде тепе-теңдігін сақтады.

Айдос Сабдин Ақмола облыстық ТЖД жедел-құтқару жасағының қызметкері. Ол азаматтық қорғау саласында екі жылдан астам уақыт қызмет етіп келеді. Жұмыстағы ерлігімен қатар, ол ММА және ушу саньда спорттарынан әлем және Азия чемпионы, сондай-ақ "BATYR TEAM" құрамасының мүшесі, - деп жазылған ТЖД хабарламасында.

Оның осы ерекше трюгі әлеуметтік желіде қызу талқылануда.

Еске салайық, бұған дейін жүріп бара жатқан көлік үстіндегі шпагатты оралдық өрт сөндіруші жасаған болатын.

Өзгелердің жаңалығы