Солтүстік Қазақстан облысындағы су тасқыны кезінде қызметтік міндеттерін атқару барысында қаза тапқан Рақым Балдановты еске алуға арналған жиын өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2024 жылғы 22 маусымда өткен жиынға ТЖМ аппарат басшысы азаматтық қорғау полковнигі Ерғали Бахаев және департамент қызметкерлері мен марқұмның туыстары қатысты.
Аталған шара 1 минут үнсіздікпен қаза тапқан құтқарушыны еске алумен басталды.
Шара барысында Ерғали Бахаев ТЖ министрі Шыңғыс Әріновтың атынан қайғырып көңіл айтып, №6 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі азаматтық қорғау прапоршигі Бекжан Балдановтың туыстарына қызметтік және азаматтық борышын атқарудағы жанқиярлығы, сондай-ақ төтенше жағдайда көрсеткен «Ерлігі үшін» медалін табыстады.