"Қайтыс болған" ер адам мәйітханада тіріліп кетті

Әзірбайжанның Жалилабад ауданында қайтыс болды деп саналған адам мәйітханада тіріліп кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Report.az агенттігіне сілтеме жасап.

 Артём Чурсинов  -архив 16 Наурыз 2025 2025, 08:50
16 Наурыз 2025 2025, 08:50
2741
Фото: -архив

Әзірбайжанның Жалилабад ауданында қайтыс болды деп саналған адам мәйітханада тіріліп кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Report.az агенттігіне сілтеме жасап.

Жалилабад ауданы Тахирли ауылының тұрғыны Хаял Гулиев үйінде ешқандай тіршілік белгілерінсіз табылған. Ер адамды қайтыс болды деп санап, аудандық сот-медициналық сараптамасы және патологиялық анатомия бөлімшесіне жеткізген. Алайда мекемеде оның қайтыс болмағаны, коматозды күйде екендігі анықталды. Ер адамды бірден аудандық орталық ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылды, - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ер адамның жағдайы тұрақты екендігі айтылды. Ол жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр.

Наверх