Жамбыл облысында 35 жастағы Тараз тұрғыны бірнеше рет алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Полиция мәліметінше, ол облыс орталығынан кеңсе ашып, әлеуметтiк желiлердегi жарнамалар арқылы құрбандарды тауып, "қайтарымсыз несие беремін" деп уәде берген.
Күдікті микроқаржы ұйымдарында заңгер болып жұмыс істегенін және өзін осы саланың білікті маманы екенін айтқан. Осылайша, ол 71 азаматтың сеніміне кіріп, алдау арқылы жалпы сомасы 33 миллион теңгеден астам шығын келтірген.